Әлеуметтік қызметтер порталы

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қызметтер порталын 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосты.

Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі-портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін дербес сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған жүйе болып табылады.

Портал 6-дан (инватакси қызметтерінен басқа) 5-үдерісті цифрлауды көздейді, бұл:

  • арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
  • техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
  • ымдау тілі маманының қызметтерін көрсету;
  • жеке көмекшінің қызметін көрсету;
  • санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету.
Әлеуметтік қызметтер порталы Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде әзірленді. Бүгінгі күні мүгедектігі бар адамдар Портал арқылы 55 техникалық оңалту құралдарының (бұдан әрі - ОТҚ) 24 түрін және мемлекеттік мекемелердің арнаулы әлеуметтік қызметтеріне тапсырыс бере алады.

Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды. Арнайы әлеуметтік қызметтерге жеке көмекшілердің, ымдау тілі мамандарының қызметтері және санаторлық-курорттық емдеу жатады.

Портал енгізу оңалту құралдары мен қызметтеріне тең қолжетімділікті, үйден шықпай-ақ «бір терезе» арқылы уақытылы әлеуметтік көмек көрсетуді, сондай-ақ жеке қажеттіліктерді, жеткізушілер, әлеуметтік қызметкерлер мен мамандар туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз етеді. Бұл адал бәсекелестікті арттырып, әлеуетті өнім берушілердің оңалту құралдары мен қызметтерін іске асыруға қатысуының ашықтығын қамтамасыз етеді.

.

Әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың техникалық құралдарына қалай тапсырыс беруге болады?
Әлеуметтік қызметтер порталында курорттық емдеу қызметіне қалай тапсырыс беруге болады?
Әлеуметтік қызметтер порталында ымдау тілі маманының/жеке көмекшінің қызметіне тапсырыс беру
Жеткізуші протездік ортопедиялық бұйымдарды қалай орналастырады?