Аутизм - мидың дамуының бұзылуынан туындайтын және әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қарым-қатынастың айқын және жан-жақты жетіспеушілігімен, сонымен қатар шектеулі қызығушылықтар мен қайталанатын әрекеттермен сипатталатын бұзылыс. Бұл белгілердің барлығы үш жасқа дейін пайда бола бастайды. Жеңіл белгілері мен симптомдары бар ұқсас жағдайлар аутизм спектрінің бұзылуы деп аталады.
Аутизмі бар бала ата-анасының әл-ауқатына, біліміне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез-келген отбасыда пайда болуы мүмкін.
Аутизм - бұл ата-аналардың, ата-әжелердің, тіпті баланың кінәсі емес, бұл биологиялық бұзылыс.
Аутизм белгілері Аутизмнің бұзылуының алғашқы белгілері нәресте кезінде байқалып (алайда, сарапшылар бұл көріністерді АСБ ретінде сенімді сипаттауға болады деген пікірге әлі келген жоқ), бір жылдан кейін айқын көрінуі мүмкін.
Аутизмнің айқын белгілері екі-үш жаста пайда болады. Бұл жаста, әдетте, аутизмнің болуына сенімді түрде диагноз қоюға болады. Бала есейген сайын аутизмнің белгілері жоғала бастайды немесе олардың ауырлығы әлсірей бастайды, бірақ көп жағдайда олар елеулі болып қала береді.
Диагноз қою және дамудың негізгі кідірістерін анықтау үшін кеңес алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияға және қажет болған жағдайда психикалық денсаулық орталығына жүгіну қажет.
Ата-аналарға ұсынымдар Кесте / күн кестесі, ережелер: үйіңіз үшін күнделікті кестені жасаңыз және оны мүмкіндігінше қатаң тәртіпте орындаңыз. Бала күнделікті, соның ішінде, демалыс күндері, бір уақытта оянатындай етіп ұйқы тәртібін орнату. Таңғы асты, түскі және кешкі асты күнде бір уақытта ішу керек. Көшеде серуендеуді, әртүрлі дамыту, зияткерлік, үстел ойындарды күн сайын бір уақытта өткізу керек. Сондай-ақ, алдағы іс-шараларға кесте жасау керек (әжеге бару, дүкенге, мұражайға бару).
Коммуникация жүйесі: мүмкін сіздің балаңыз ымдау тілі, планшет, PECS жүйесі және т.б. арқылы сөйлесе алады. Ең бастысы, үйдегі барлық адамдар коммуникацияның осы жүйесін көтермелеуге және қабылдауға келісуі тиіс. Егер бала сөйлей алса, онда оны айтылған сөздер үшін көтермелеңіз. Егер бала ым-ишара тілінде сөйлесе, онда оны осы үшін мадақтаңыз. Коммуникацияның тек бір жүйесін ынталандырыңыз.
Көтермелеуге шектеулі қол жетімділік: ешқандай «еркін қол жетімділікке», «жеңіл-желпі тамақтануға» жол жоқ. Еркін қол жетімділік дегеніміз, егер бала Даша туралы мультфильмді жақсы көретін болса, онда оның осы мультфильмді күн сайын бірнеше сағат бойы көруге мүмкіндігі бар. Жеңіл-желпі тамақтану дегеніміз, егер бала бұрама тоқашты жақсы көретін болса, онда ол кез-келген уақытта ас үйге келіп, буфет ашып, бір уыс бұрама тоқаштарды ала алады. Олай болмайды! Баланы жақсы және пайдалы нәрселер үшін көтермелеу керек (мысалы, барлық ойыншықтарды орнына қойып жинаса, сүйікті мультфильмді көре алады, дастархан жинаса, кәмпит жей алады және т.б.).
Таңдау тақтасы: егер сіз балаңызға қай жерде отыру, қандай фильм көру, оған шырын немесе сүт ішу сияқты көбірек таңдау мүмкіндіктерін берсеңіз, проблемалық мінез-құлықты азайтуға болады. Балаға таңдау жасауға көмектесу үшін, оның сүйікті іс-әрекеттерін, тағамдарын немесе ойыншықтарын көрсететін картачкалар орналасқан визуалды таңдау тақтасын жасау керек.
Макро және микро кестелері: бір нәрсенің жасалатын уақыты, жері және кезектілігі туралы мәліметтер берілетін кестелер аутизм спектрі бұзылған балалар үшін өте пайдалы және маңызды.
Дәретханаға баруға үйрету шарттары: егер сіздің балаңыз дәретханаға отыруға үйрену үшін әлі кішкентай болса да, сіз бұл стратегияны мүмкіндігінше ертерек бастауыңыз керек. Жөргектерді жуынатын бөлмеде ауыстырыңыз, баланы киіну және шешіну кезінде сізге көмектесуге үйретіңіз, ол ластанған жөргекті өзі лақтырып, содан кейін қолын жусын.
Мультимодальды сенсорлық ынталандыруға арналған заттар: балаңызға қажетті сенсорлық ынталандыруды алу үшін манипуляция жасай алатын және өзара әрекеттесетін заттарды таңдаңыз. Бұл оған күні бойы үйді араламауға, мыңқылдамауға немесе орнында айналмауға көмектеседі. Мүмкін нұсқалар: үлкен гимнастикалық доптар, батут, әртүрлі заттары бар сенсорлық қораптар, жарқыраған ойыншықтар, саусақ бояулары және т.б.