Церебралды сал ауруы бар балаларға арналған қарқынды оңалту және ерте араласу орталығы 2018 жылдың маусым айында Болат Өтемұратов қорының, "Позитив Үміт" қайырымдылық қорының және "Дом" қорының қолдауымен ашылды.
Орталық Қазақстан үшін инновациялық орталық болып табылады. Онда ЦС ауруы диагнозы бар балаларды оңалтудың ең үздік әлемдік әдістемелері мен заманауи тәсілдері –мультидисциплинарлық бағалау, жеке тәсіл, кешенді үздіксіз оңалту, ерте араласу енгізілген.
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі біздің қызметкерлер мен мамандар үшін жетекші әлемдік мамандарының оқыту ғылыми-практикалық семинарлары, тренингтері мен шеберлік сабақтары өткізілетін Білім беру ресурстық орталығы-БРО құрылды.
Орталықта жоғары білікті мамандармен арнайы оңалту, педагогикалық, түзету, психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық қызметтердің толық көлемі көрсетіледі.