Жұмыссыз ретінде тіркелу жұмыспен қамтуды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларды – жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді; лайықты жұмысты іріктеуді, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар практикасына, Алғашқы жұмыс орнына және Ұрпақтар келісімшартына жолдаманы алуға мүмкіндік береді.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар тіркелген жұмыссыздар үміткер бола алады.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін болуы мүмкін.