Сұрақ - жауап
Сұрақ:
ЭЦҚ-ны онлайн қалай алуға болады?
жауап:
ҚКО-на бармай-ақ қашықтан ЭЦҚ кілттерін алу мүмкіндігі үшін, Сізге қажет::

  • Өзімен бірге қолданыстағы жеке куәлігі немесе ҚР азаматының паспорты болуы тиіс (Қазақстан Республикасында берілген суретімен жеке куәлік құжаты);
  • Кіріс SMS-хабарламаларды алу мүмкіндігімен ұялы телефоны болуы тиіс;
  • Сіздің дербес компьютеріңізде веб-камера болуы тиіс;
  • ЭЦҚ одан әрі орнату және пайдалану үшін NCALayer бағдарламалық қамтылымын орнату қажет.

ЭЦҚ алу туралы бейне нұсқаулықты қараңыз
Сұрақ:
ПМПК дегеніміз не?
жауап:
ПМПК – бұл психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия, яғни құрамына медициналық, педагогикалық және психологиялық мамандар кіретін құрылым, әдетте бұл логопед-мұғалім, психолог-педагог, дефектолог-мұғалім, әлеуметтік педагог, невропатолог және психиатр-дәрігер; кейде бірқатар басқа мамандар.

ПМПК-ның негізгі міндеті - баланың резервтік мүмкіндіктерін және оның дамуындағы ауытқуларды анықтау, сондай-ақ баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес білім алу үшін білім беру бағдарламасы мен арнайы жағдайларды анықтау. Сонымен қатар, ПМПК балада болатын қиындықтарды (оқуда, мінез-құлықта, қарым-қатынаста, жеке және интеллектуалды дамуда) жеңу немесе түзету бойынша ұсыныстар жасайды.
Сұрақ:
ОЖБ дегеніміз не?
жауап:
Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (әрі қарай - ОЖБ) - оңалту шараларын жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін, сондай-ақ әлеуметтік көмектің түрлерін (санаторлық-курорттық емдеу. протездеу, жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету және т. б.) анықтайтын құжат, ол меншік нысаны мен шаруашылық тәсілдеріне қарамастан тиісті мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.
Сұрақ:
Тұрғын үй кезегін қалай тексеруге болады?
жауап:
Өз кезегіңіз туралы мәліметтер алу үшін мына сілтемеге арқылы өтіңіз