Мүгедектерге – лайықты өмір» жобасы аясында I және II топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі адам тегін такси қызметін пайдалана алады. Бұл үшін арнайы телефонмен диспетчерлік қызметке қоңырау шалып, белгілі күнге және уақытқа автомобиль шақыру қажет. Содан кейін көлік келіп, адамды алып кетеді, қажетті орынға тағайындалған уақытта тегін апарады және кері қайтып алып келеді.