Жол жүруге жеңілдіктер
Қоғамдық көлікте тегін жүру
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?

  • 1 және 2 топтағы мүгедектер;
  • 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар; 16 жастан 18 жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек балалар;
  • 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған заңды өкілдердің бірі;

Назар аударыңыз: бұл жеңілдік тек Петропавл қаласының тұрғындары үшін қол жетімді.

Жеңілдікті қалай алуға болады?

Жол жүру билетін рәсімдеу үшін жұмыспен қамту бөліміне жүгіну қажет
Өзімен бірге жеке куәліктің түпнұсқасы және санатты растайтын құжат болуы қажет. Егер ол мүгедек болса, онда мүгедектік туралы анықтама. Егер бұл көп балалы отбасы болса, онда көп балалы отбасының куәлігі. Жол жүру билеті жоғалған жағдайда әрбір азамат оны өз есебінен қалпына келтіреді.
Темір жолмен жүру үшін жеңілдік
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?

I және II топтағы мүгедектер.

Жеңілдіктің мәні: аталған тұлғалар ("Алматы - Шымкент" бағытынан басқа) республика бойынша "Тұлпар-Тальго" пойыздарында жол жүруге 50 пайыздық жеңілдік ала алады. Өскеменнен жарты бағаға "Тұлпар-Тальго" пойызымен Астана мен Алматы қалаларына дейін жетуге болады.
Жеңілдікті пайдалану үшін темір жол вокзалының кассаларында арнайы "Қамқор" дисконттық картасын сатып алу қажет. Ол бар болғаны 200 теңге тұрады, бірақ карталар әрдайым қол жетімді емес екенін ескертеміз, сондықтан оларды сатып алу туралы алдын-ала алаңдауыңыз керек.
Авиаұшуға жеңілдік
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?

I топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар, және сүйемелдеуші тұлға.

Жеңілдіктің мәні: I топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар "Scat Airlines" компаниясының авиарейстерінде жылына бір рет тегін ұшуға құқылы. Мүгедекті сүйемелдеуші тұлға жылына бір рет 50 пайыз жеңілдік алуға құқылы. Жеңілдік Қазақстандағы авиакомпаниялардың барлық тұрақты рейстеріне қатысты. Тек субсидияланған (яғни мемлекет дотация берген) және чартерлік рейстер ғана бұған кірмейді.
Анықтама телефоны: 8 (7252) 99-88-80 ("Scat Airlines" компаниясының ақпараттық қызметі).

Запись на консультацию
Спасибо! Наш специалист свяжется с Вами в ближайшее время!