Жұмыс жағдайы
Жұмыс және демалыс уақыты
Жеңілдік алуға кімнің құқығы бар?

I және II топтағы мүгедектер

Жеңілдіктің мәні:

  • аталған топтың мүгедектері болып саналатын қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді;
  • осы санаттағы қызметкерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспауға тиіс;
  • Бірінші және екінші топтағы мүгедек қызметкерлерге ұзақтығы алты күнтізбелік күннен кем емес жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалысы берiледi.

Заңға сілтеме: ҚР Еңбек кодексінің 69-бабы, 3-тармағы, 89-бабы, 1-тармағы, 2-тармақшасы.
Жұмыс орнындағы жеңілдіктер
Еңбек кодексінде денсаулығының күрделі проблемалары бар адамдарға жеңілдіктер беру туралы бірнеше тармақ бар.

Мәселен, мүгедек азаматтармен жасалатын Еңбек шарты олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындарына қатысты шарттарды қамтуы тиіс

Мүгедектігі бар адамдарды үстеме жұмысқа тартуға тыйым салынады

(ҚР Еңбек кодексінің 28-бабы, 2-тармағы, 77-бабы, 3-тармағы, 3 тармақшасы).

Запись на консультацию
Спасибо! Наш специалист свяжется с Вами в ближайшее время!